«Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-бөлiм. Жалпы ережелер
«Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы № 1 үй.
Егер әкім аппаратына заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер жергілікті бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2-бөлiм. Әкім аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әкімнің құзыретi шегiнде әкімнің қызметін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысының қызметін қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының, жиынының, жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының күн тәртібін дайындайды;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған және қала әкімі мақұлдаған шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының, жиынының және жиналысының хаттамаларын рәсімдейді, оны сақтауды және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының, жиынының және жиналысының қатысушыларын тіркейді;
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының, жиынының және жиналысының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
жергілікті маңызы бар мәселелердің шешімін қамтамасыз етеді;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және іске асыру рәсімін жүзеге асырады;
қаланың бюджетін жоспарлауды және атқарылуын қамтамасыз етеді;
қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық қаржылық есептілікті жасайды;
қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына табыс етеді;
қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ұсынады;
қаланың бюджетін іске асыру туралы шешімді қабылдайды;
әкімшілік-аумақтық бірлікті дамыту бағдарламасын жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қарауға әзірлейді және ұсынады;
қаланың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты қаланың меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге адамға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, қаланың меншік құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік есебін ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына оған бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысу;
жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;
мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды алып, жүзеге асыру;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларымен келісу бойынша жұмысқа тарту;
осы мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттың, ғылыми мекемелердің ақпараттық базаларын пайдалану;
өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық органдардың, облыс, аудан әкімдерінің және әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қала актілерi мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-бөлім. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынының, көше, көппәтерлі тұрғын үй қоғамдастығының бөлек жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілуін ұйымдастырады;
әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттерін, функцияларын және өкілдіктерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әкім аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкім аппаратының барлық қызметкерлері орындауға міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әкім аппаратының қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды немесе оны алып тастауды жүзеге асырады;
қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
аудан әкімдігі актілерін, оның тапсырмаларын орындауды және құжаттардың әкімнің аппаратында өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
әкімнің аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
әкім аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;
қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
әкім аппаратының қызметшілерін іссапарға жібереді;
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;
әкім аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қарастырады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
әкімнің аппараты мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
қаланың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қаланың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім болмаған кезеңінде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндеттерді атқару жүктелген тұлға жүзеге асырады.
4-бөлім. Әкім аппаратының мүлкі
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-бөлім. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату