«Талас ауданы Көктал ауылдық округі  әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

«Талас ауданы Көктал ауылдық округі  әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

         

  1. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ақпараттық-талдау, ұйымдастыру –құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету  салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Талас ауданы  Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. 
  3. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Заңдарына,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге ,сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,белгіленген үлгідегі бланкілері,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5.   «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6.    «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7.       «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы ,Талас ауданы, Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілер мен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.    
  8. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9.      Заңды тұлғаның орналасқан жері.Пошталық индексі080810,Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы, Талас ауданы Көктал ауылы Тәуелсіздік көшесі №8 үй.
  10.      Мемлекеттік органның толық атауы- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11.    Осы Ереже «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

            13 .«Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

                                            

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы,негізгі міндеттері,

функциялары,құқықтары міндеттері

 

  1. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – аудан әкімдігінің және аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау ұйымдық-құқықтық және материалдық –техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.
  2.      Міндеттері:

             Ауыл әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Функциялары:

            1)    салық және бюджетке төленетін төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

             2) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдаламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.        

             3)  стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;  

             4)   азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,заңдарының,Қазақстан Республикасының Президенті мен

Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі; 

              5)   Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

              6) аудандық маңызы бар ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтер автомобиль жолдарының салынуын  ,қайта жақсартылуын жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;    

             7)  шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

              8) өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;     

              9) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды,азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

             10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

             11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету , атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

             12) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

              13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

             14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

             15) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

              16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

             17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

             18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларына қатысады;

             19 ) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

             20) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;

              21) елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

              22) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

             23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

       

 

 

               

             17.Құқықтары мен міндеттері.

              1) мемлекеттік органдарға , қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық – талдау  құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;

               2) өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан , ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау және оларды алуға;

               3) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;

               4) мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;

               5) қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;

                6)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты.

               7) қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастыру;

               8) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздарды қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;

               9) мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

 

  1.          «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талас ауданы Көктал ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2.   «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады немесе   қызметтен босатылады.
  3. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

               21 «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі;

               1) Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарға оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

               2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

               3) тиісті әкімшілік –аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен , ұйымдармен және азаматтармен өз-ара қарыс-қатынастарға оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

               4)    мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;

               5) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын ) бекітеді;

               6) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін,мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;

               7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

                8) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;

                9) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларға қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

               10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына белгіленген өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

                11)   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауапты.

        «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

               22.Бірінші басшының орынбасарлары жоқ.

               23.»Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімнің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекмені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

                «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1.         «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2.           Егер заңнамада өзгеше көзделсе, «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

  1.         «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2022