«Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
Егер «Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары міндеттері
Ауыл әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.
1) салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
2) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдаламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітіуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.
3) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен
Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
6) аудандық маңызы бар ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтер автомобиль жолдарының салынуын, қайта жақсартылуын жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
7) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
8) өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
9) әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
13) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
14) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
15) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларына қатысады;
19 ) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
20) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
21) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
22) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық – талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
2) өз құзырының шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау және оларды алуға;
3) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
4)мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
5) қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
7) қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастыру;
8) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздарды қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
9) мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
21 «Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі;
1) Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарға оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
3) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
4) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын ) бекітеді;
5) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, қалыптастырылу тәртібін және өкілеттігінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;
6) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
7) мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;
8) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларға қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына белгіленген өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауапты.
«Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.