«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
7.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10.Мемлекеттік органның толық атауы-«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11.Осы Ереже «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы-ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-талдау,ұйымдық-құқықтық және материалдық –техникалық жағынан қамтамасыз етуін жүзеге асыру.
15.Міндеттері:
Ауыл әкімінің жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.
16.Функциялары:
1)салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
2) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюжеттік бағдарламаларды әзірлеп,тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғарғы тұрғыдан әкімдіктің қарауына енгізеді;
3)стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюжеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының ) талқылануына Қазақстан Республикасының бюжет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көздеген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржылаандыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
4)азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституцясының , Заңдарынын , Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік - құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
6)аудандық маңызы бар ауылдың (селоның) , ауылдық (селолық),округтің коммуналдық тұрғын ұй қорының сақталуын,сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдарда (селоларда),ауылдық (селолық) окрутерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңғыртуын , жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді; 7)шаруа немесе фермер қжалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
8) өз құзреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 9) әділет органдары жоқ жерде Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен нотариалдық іс- қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдыстырады;
11)табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді , жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
12)қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетеді ;
13)жергілікті әлуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі ;14) қоғамдық құрылыс қозғалысын ұйымдастырады;
15) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
16) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс- қимыл жасайды ;
17) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жұзеге асырады ; 18) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларына қатысады;
19) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
20) өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді; 21)елді мекендерді абаттандыру , жарықтандыру ,көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жүмыстарды ұйымдастырады ;
22)Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдақ жұмыстарды ұйымдастырады;
23) кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізеді.
1)мемлекеттік органдарға,қоғамдық және басқада мекемелерде, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарына өз құзіреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
2)өз құзірінің шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан,ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
3) өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге құқылы;
4) мекеме басшысына жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
5) қызмет барысында орын алған қызметтік тәртіп бұзушылық фактілері бойынша заң актілерінде көзделген тәртіппен кінәлі тұлғаларды тәртіпті жауапкершілікке тартуға ;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты.
7) қызметтік құжаттарды қарау мен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды ұйымдастыру;
8) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздарды қарау,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
9) мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.
18.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады немесе қызметтен босатылады.
20.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.
21.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі :
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен,ұйымдар мен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
2)азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
3)тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті мемлекеттік органдармен,ұйымдар мен және азаматтармен өз-ара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
4) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
5)мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді;
6)мемлекеттік мекемені басқару органдардың құрылымын қалыптастыру тәртібін және өкілеттігінің мерзімін мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдауының тәртібін белгілейді;
7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық саны бекітеді;
8)мекемені тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыруын қадағалайды;
9) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілеттік органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттермен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты .
«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.
24.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлік болуы мүмкін.
«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27.«Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.