Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қаратау қаласы

 

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының        31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасы және 37 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талас ауданы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елді мекендеріне газ құбырын жүргізу үшін жер учаскелерін жер иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қоймастан жалпы көлемі 91,6025 гектар жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер пайдаланушылар мен жер иеленушілермен келісім шарт негізінде қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз ету және бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
  3. «Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберілуін;

          3) осы қаулының Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

          4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Торехан Сарикбаевич Койлыбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Талас ауданы әкімінің міндетін атқарушы

 

К. Серимов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 16.04.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4941 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Жамбылской области - Начальник отдела Толғанай Қибатқызы Асқарбекова, 08.04.2021 15:56:06, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Жамбылской области - Заместитель руководителя Даурен Жигулиевич Дайрабаев, 09.04.2021 16:45:33, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Талас ауданының әкімдігі - Талас ауданы әкімінің міндетін атқарушы К. Серимов, 12.04.2021 10:40:59, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
14 июня 2021