|
Бағдарлама-ның атауы |
Талас ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы |
|
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысы. |
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Талас ауданының аумағы 12,2 мың кв.км. немесе облыс аумағының 8,5% (144,2 мың кв.км) құрайды, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Аумақтың 602,443 мың.га. жерін мемлекеттік орман қоры алып жатыр, орманның 96% құмды және жартылай құмды жерде, қалған 4% таулы жерде орналасқан. Ауданның оңтүстік-шығысы Жамбыл, Жуалы, Байзақ, солтүстік-батысы Сарысу аудандарымен, оңтүстік-батысы Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігімен солтүстік-шығысы Мойынқұм ауданымен шекаралас. Ауданның құрылымында 13 ауылдық округтер, 23 елді мекен және 1 қала бар. Талас ауданының әкімшілік орталығы – Қаратау қаласы, Қаратаудың бөктерінде таулы жерде орналасқан. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне ауданның халқы 54,858 мың адамды немесе облыс халқынан (1136,222 мың адам) 4,8% құрады. Халық тығыздығы – жан басына шаққанда 4,5 км2. Аудан бағыты бойынша индустриялық - аграрлық өлке болып табылады. 2020 жылдың 9 айында шығарылған өніммен көрсетілген қызметтің көлемі 36,055 млрд. теңгені құрады. Экономиканың нақты секторының негізгі салалары болып тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, сумен, газбен, электр энергиясымен қамту және су бұру желісімен қамтамасыз ету болып табылады. |
|
Бағыттар |
1. Экономика; 2. Әлеуметтік сала; 3. Инфрақұрылым; |
|
Бағдарлама мақсаттары |
Бағыт: Экономика 1. Өнеркәсіп пен инвестициялар; 2. Агроөнеркәсіптік кешен; 3. Шағын және орта бизнес, сауда. Бағыт: Әлеуметтік сала 4. Білім беру; 5. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; 6. Мәдениет, спорт және туризм; 7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп. Бағыт: Инфрақұрылым 8. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; 9. Экология және жер ресурстары. |