Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына және 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 2-тармағына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Талас аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарлайды:
№1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Ақкөл ауылы, Ж.Дүрімбетов көшесі 10, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің Ақкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылы, Тамды ауылдық округінің Тамды ауылы. Құрамына №388, №389 және №405 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Бостандық ауылы, Байжанов көшесі 16, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің Алғабас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылы, Бостандық ауылдық округінің Бостандық және Талапты ауылдары, С.Шәкіров ауылдық округінің С.Шәкіров және Тамабек ауылдары. Құрамына №390, 391, 392, 393, 398 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Ойық ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 36, «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ойық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Ойық ауылдық округінің Ойық, Тұрымқұл және Сейілбек ауылдары, Кеңес ауылдық округінің Бөлтірік шешен және Көшек батыр ауылдары.
Құрамына №399, №400, №401, №402, №394, 395 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев көшесі, 5, «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Үшарал ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Үшарал ауылдық округінің Үшарал ауылы және Қайыр елді мекені, Қызыләуіт ауылдық округінің Қызыләуіт ауылы, Көктал ауылдық округінің Көктал ауылы. Құрамына №396, №397, №403, №404 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Есейхан ауылы, Омаров көшесі 15, «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Есейхан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Берікқара ауылдық округінің Майтөбе және Қожағаппар ауылдары, Қаратау ауылдық округінің Есейхан және Қараой ауылдары, Қасқабұлақ ауылдық округінің Қасқабұлақ ауылы. Құрамына №406, №407, №408, №409 және №410 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы, 45Б корпусы, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №518 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі 75, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №411 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі, 23, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №412 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Тамды әулие көшесі, 26, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №413 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Желтоқсан көшесі, 23, «Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының Талас ауданының №31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №414 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, А.Ақшораев көшесі, 12, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №415 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы, 9 корпус, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: №416 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шахтерская көшесі, 28В, «Талас ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ғимараты.
Шекаралары: №417 сайлау учаскесінің шекарасы кіреді.