2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №21 қаулысы басшылыққа алынсын.
2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Talas tynysy» газетінде жариялансын.
Төраға Е. Мамадияров
Хатшы А. Өксікбай
Қаратау қаласы
13.10.2026 жыл
№ 9