Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы,

орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы

ХАБАРЛАМА

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығына және «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 қаулысына сәйкес, Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері:                  Қаратау қаласы,Д.Қонаев көшесі,19.

Телефоны:                               8(72644)6-10-00

Комиссия төрағасы:              Мамадияров Ерик Камбарович;

Төрағаның орынбасары:     Татимбетова Гульмира Лесхановна;

Хатшысы:                                 Қуанышбаев Серік Бақдәулетұлы;

Комиссия мүшелері:             Алжапбарова Аян Ерболсыновна

                                                    Курманбаев Азамат Шахимович;

                                                    Өміралиев Руслан Залұлы;

                                                    Сиқымбай Сандуғаш Нұржанқызы.

 

Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30

 Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 июля 2026