Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 12 шілдеге Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын;
- 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы қаулы Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Talas tynysy» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Е. Мамадияров
Комиссия хатшысы С. Қуанышбаев
Қаратау қаласы
03.06.2026 ж.
№6