
Талас аудандық орталық ауруханасының
АНДАТПАСЫ
Бас дәрігер: Имаммырзаев Есмахан Ауесбекович
Медициналық ұйымның толық атауы: Жамбыл облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Талас аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік камуналдық кәсіп орны.
Заңды мекен-жайы: Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы, Б.Момышулы көшесі 19 үй
Электронды поштасы: glav.crb_talas@mail.ru
Талас ауданындық орталық аурухана тұрғындарға стационарлық, стационар алмастырушы, бастапқы медициналық санитарлық, амбулаториялық көмек көрсетеді. Аурухана төсек қуаттылығы 130 төсек орын, Аудандық емхана - аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік аудандық емхана құрылысы 2016 жылдың 23 қараша айынан бастап жұмыс жасауға берілді . Ауданда 9- дәрігерлік амбулатория,4-фельдшерлік пункт, 13- МП қызмет етеді. Медициналық жедел жәрдем бөлімшесінде -4 автокөлікте 4 бригада амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуде. Қала және ауыл округтарындағы амбулаториялар мен ФАП, МП телефон желісімен толығымен қамтылған. Аудандағы барлық 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП толығымен компьютер техникасымен жабдықталған және ғаламторға толығымен қосылған. Елді мекендердегі 9- амбулатория толық санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Аудандық аурухана дәрі-дәрмектермен 100% республикалық бюджеттен қамтамасыз етілуде.
Талас аудандық орталық ауруханасында барлығы – 796 адам қызмет атқарады.
Талдау бойынша: дәрігерлер саны - 97, мейірбикелер саны – 424. Кіші бикелер мен жұмысшылар – 158. Басқа қызметкерлер-117.
Емханада жұмыс жасайтын мамандар
-офтальмология-ересек пен балалар,
-невропатология- ересек пен балалар,
-дерматовенерология,
-психиатрия,
-наркология,
-оториноларингология,
-онкология,
-хирургия,
-травматология,
-кардиология,
-эндокринология,
-инфекциялық аурулар,
-акушерлік-гинекологиялық,
-педиатрия,
-терапия мамандары қызмет көрсетеді.
Емханада клинико-биохимиялық зертхана жұмыс істейді.
Емханада диогностикалық тексерулер жүргізіледі:
- Ультра дыбыспен тексеру;
-флюрографиялық тексерулер;
-ЭКГ;
-велоргометрия;
-спирометрия;
-аудиометрия,весибулярлық аппаратта тексеру;
-мамографиялық тексеру;
-Рентгенографиялық тексеру;
-электроэнцефалография;
-фиброгастродуоденоскопия;
-бронхоскопия;
-реовазография;