
Асхат Базарбайұлы Жабағы 1979 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жерге орналастыру», 2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жер инспекциясының жетекші маманы болып бастаған.
2003-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің Түлкібас ауданы бойынша бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;
2006-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі;
2013-2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2017-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімнің орынбасары.
2019 жылдың 06 маусымынан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.