
Мен, Смайлов Ербол Тамдыбекулы 11 мамыр 1986 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылында дүниеге келдім. 1989 жылы Талас ауданы Майтөбе ауылына қоныс аудардық. 1992 жылы Майтөбе ауылындағы А.Дәулетбеков орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 2001 жылы 9 сыныпты аяқтадым. 2001 жылы Қаратау қаласындағы Қаратау құрылыс колледжіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы бітіріп шықтым. 2004 – 2006 жылдар арасында Қарулы күштер в/ч 68665 ВДВ аға сержант болып әскери борышымды өтедім.
2007 – 2010 жылдар арасында Тараз қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
2007 жылы қараша айында ХҚКО-ның инпекторы болып жұмысқа қабылдандым. 2008-2009 жылдар арасында ХҚКО-ның консультант (кеңесші) супервайзері, 2009-2012 жылдар арасында ХҚКО –ның операция зал бастығы қызметін атқардым.
2016 жылы Талас ауданы «Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы, 2018 жылдың мамыр айынан бастап бөлімше басшысы, 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Берікқара ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.