GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер
30 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6)тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

         Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін ЖАО (қала, аудан, ауылдық округ әкімдіктері, сондай-ақ облыстық басқармалардың) ресми сайттарында (МО ИРБП) «Қызметі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлігінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

         Аймақ тұрғындарына облыс әкімдігі сайтының басты бетіндегі «Сұрақ-жауап» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер қалдыруға мүмкіндік беріледі.

         Өңірдің тұрғындарын қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға шақырамыз.

Мәдениет
08 марта 2024
Аким Ушаральского сельского округа поздравил женщин с праздником 8 марта

Бүгін Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті.

Ауыл әкімі әйелдер қауымы қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және басқа да салалардағы жетістіктерімен еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келе жатқанын, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі аналардың рөлін ризашылықпен ерекше атап өтті.

Шара барысында білім, мәдениет, денсаулық, байланыс және ауыл шаруашылығы салаларында қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы ауылдық округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, Үшарал ауылдық кітапханасының меңгерушісі Байдәуітова Камила Талас аудандық мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды.

Шараға қатысқан «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне ауылымыздың тумасы Жұмахметұлы Асылбектің демеушілігімен мерекелік сыйлықтар үлестірілді.

Салтанатты шара мәдениет үйінің ұйымдастырған «Қыз құрдас, жеңге сырлас» атты байқауы мен концерттік бағдарламаға ұласты.

06 марта 2024
"8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай Үшарал ауылдық спорт кешенінде әйелдер арасында волейболдан мекеме аралық сайыс өткізілді.
"8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай Үшарал ауылдық спорт кешенінде әйелдер арасында волейболдан мекеме аралық сайыс өткізілді.
І-орынды Бозарық негізгі мектебінің командасы жеңіп алса, ІІ-орын Ә.Сағынтаев атындағы орта мектептің командасы, ІІІ-орын Абай негізгі мектебінің командасы.
16 февраля 2024
Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 15 ақпаны күні "Туған жерге тағзым" жобасы аясында "Жылы жүрек-жомарт қол" тақырыбында жомарт түлек ағалармен кездесу өткізілді

Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 15 ақпаны күні "Туған жерге тағзым" жобасы аясында елімізге түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты еңбек жолын жас ұрпаққа насихаттау, туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып жүрген ағалардың ізгі жолын өнеге ету мақсатында "Жылы жүрек-жомарт қол" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге келген мектебіміздің әр жылғы бітірген Д.Жаппаров, Қ.Берікбаев, Е.Малкайдаров, Қ.Сыпабеков, Е.Назымбеков, Ә.Мизамбек өздерінің жүрек жарды сөздерімен мектеп оқушылары мен ұжымына алғыстарын білдірді. Кеш қонақтарына арнап, "Алтын домбыра" үйірмесі қазақтың қара домбырасымен күй тартып, биші қыздар мың бұрала билесе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Таңат "Ауылға барам", "Ауылдастарым" әндерін, математика пәнінің мұғалімі Ж.Жүсіпов "Туған жер" әнін тамылжыта орындады. Мектеп ұжымы жерлес ақын әпкеміз Ү.Битенованың "Таласым"әнін хормен орындады.
Кеш соңы жаны жайсаң,ісі игі ағаларға "Жомарт түлек" төсбелгісі мен куәлігін тапсырумен аяқталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы