Меню

Страницы

Статья

культура

Саңырық батыр
Саңырық Тоқтыбайұлы 1692 ж. Талас өңірінде дүниеге келген. Әкесі Тоқтабай да батырлығымен бірге, сөзден таймас турашылдығымен, әділдігімен елге танылып, аты шыққан. Әкенің осы қасиеті балаларына да жұғып, Саңырықтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Саңырықтың ерекше қасиеті – құралайды көзге атқан мергендігі болған. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Саңырықтың батырлық жолы әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін басталады. Бұланты – Білеуті шайқасында Саңырық кіші жүздің Тайлақ батырымен тізе қосып жоңғарлардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Саңырық пен Тайлақ осыдан кейін де жұп жазбай Аңырақай шайқасына да бірге қатысады. Бұл қос батырдың ерлігі Қожаберген жыраудың «Елім – ай» дастанында, жазушы Ә.Әлімжановтың «Жазушы», С.Сматаевтың «Елім – ай» романында кеңінен суреттелген. Саңырық батыр, Талас өңірін жаудан азат етіп, Ақкесене мен Көккесенені әскери қосынға айналдырған, жоңғарларға жиі – жиі шабуыл жасап, қолбасшылық шеберлігін танытқан. Оның Ақкесене, Көккесене деп аталатын екі мұнара түбіндегі шайқастағы ерлігі ел аузында аңызға, жыр – дастанға айналған.
Саңырық батырдың ерлігіне ризашылық танытқан Төле би оған арнайы кісі жіберіп, дарынды қолбасшыларға ғана тиесілі сый – кеудеге тағатын айырықша белгі тартып, батасын берген. Батырға Сандалкөк атты ат мінгізіп, беліне таңдаулы шеберлер соққан Исфаһан қылышын байлайды. 1740 ж. соңына қарай қанды шайқастардың бірінде Саңырық батыр ауыр жарақат алып, соның салдарынан көз жұмады. 
 
 
Дата публикации
16 февраля 2024
Дата обновления
16 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 августа 2025
2024 жылдың I тоқсан қорытындысы
04 июля 2024
Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
Ақпарат
30 мая 2024
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы