Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
мәдениет
Абдолла Ишан мешіті
Абдулла Ишан мешіті Талас ауданы, Үшарал ауылының орталығында орналасқан.
Мешіттің құрылыстық жобасы төртбұрышты, күйдірілген кесектен өрілген, төбесі көп күмбезді. Орталық зал үлкен күмбезбен, қалған бөлмелер мен жанындағы үш айван кішілеу келген 15 күмбезбен жабылған. Айваның сыртқы қапталдары аркалы күмбездер түрінде асқан шеберлікпен өрілген. Негізгі орталық бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы мен эпиграфиялық мәнерде жазылған жазудың іздері болған.
Деректерге қарағанда, Абдулла-Ишан Саиди (1836–1914) жергілікті өңірде діндар Саитбаттала-хазрат отбасында дүниеге келген. Ол 9 жасқа келгенде ата-анасынан айрылып, жетім қалады. Нағашы атасының тәрбиесінде болып, медреседе тәлім алған. 1853 ж. генерал Перовскінің әскерінде борышын өтеп, Сырдария жорығына қатысады. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін Абдулла білімін жетілдіру мақсатында Бұхара, Хорезм, Стамбулда болады. Бұхарда өмір сүрген кезеңінде шәкірттерді оқытатын медресе ашып, жібек өңдеумен айналысады. Абдулла Саиди шығыс елдерінің тұрмыс тіршілігі мен мәдениетін, мұсылмандық ілімінің жетік меңгерушісі болған. Араб, парсы тілдерінде өлең жазып, ұстаз және сөзге шешен ділмар ретінде көпшілікке атағы танылған. Қазақ арасында кең тараған сопылық бағытты ұстанып, осы ілімді жалғастырушысы болған. Абдулла Ишанның артынан еріп, оларды қолдаған ізбасарлары көп болған.
ХIХғ. аяғы мен ХХ ғ. басында жергілікті жерлерде арнайы медреседе білім алған адамдарға арналған мешіттер соғылған. Оларды құрметтеген ауыл-аудан тұрғындары мешіттің ашылу салтанатына арнайы шақырып отыратын болған.
Абдулла Ишан шет елде отыз жылдай болып, екі рет қажылыққа барған. 1870 ж. өзінің ауылы Муллакқа келіп жерлестерінің өтінішімен медресе ашып, өз өмірін тақуалыққа арнайды. Ел арасында Абдулла Ишан мешіті соның құрметіне салынған делінеді. Бүгінде мешіт ауыл тұрғындарының мінәжат ететін орыны ретінде қызмет жасауда.
Пайдаланған әдебиеттер
Жамбыл облысының Тарих және Мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Талас ауданы. Алматы 2010, 197 б.
Талас – Сарысу. Тарихи-танымдық, әдеби-анықтамалық жинақ. – Алматы, 2013, 204б.
Документы
Новости
Полезные материалы
культура
мәдениет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы