Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі  

        ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         2023 жылдың 12 айында С.Шәкіров ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан  қызмет көрсетілмеді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2023  жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023  жылы 681 ауыл тұрғындары қамтылған 12 іс-шара ұйымдастырылды, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
31 мая 2024
Дата обновления
31 мая 2024
Тип

Сейчас читают

13 февраля 2026
2025 жылдың  III тоқсан қорытындысы
13 февраля 2026
2025 жылдың I тоқсан қорытындысы
13 февраля 2026
2025 жылдың  IІ тоқсан қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы