2026 жылдың 8 мамыр күні Ойық ауылында ауыл әкімі төрағалық еткен маңызды жиын өтті. Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп қабырғасында «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған жиналысқа Талас аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Б. Смайлұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы П. Рахманбердіұлы және “Қойшыбай ата” мешітінің имамы А. Тіллаұлы қатысты.
Жиын барысында қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар тәрбиесі мәселелері кеңінен талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде мектеп жанындағы жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара болып өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихы түсіндіріліп, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді арттыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні Ойық ауылдық округінде Ұлы Жеңістің маңызын дәріптеу мақсатында “Жеңіс” саябағында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында мәңгілік алау жағылып, Отан үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым ретінде гүл шоқтары қойылды. Жиналған қауым майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігі мен жанқиярлығын құрметпен атап өтті. Батыр бабаларымыздың ерлігі – мәңгі жүрегімізде!
Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
Ойық ауылдық округінде 2026 жылдың 6 сәуір күні көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды 🌿
Аталған игі шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Акция барысында жасыл белдеуге 400 түп көшет отырғызылып, ауыл аумағын жасыл желекке айналдыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
🌿 Ойық ауылдық округінде Наурыз тойы дүркіретіп өтті! 🌿
Бүгін Ойық ауылында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ауыл көшелерінің ұйымдасуымен сәні мен салтанаты жарасқан киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға ақ дастархан жайылып, дәстүрлі наурыз көже таратылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, көпшілікке ән мен би, қазақ халқының салт-дәстүрін айшықтаған әсерлі көріністер ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық рух пен жігерді арттырған арқан тартыс, шапшаңдықты сынаған ләңгі тебу, күш пен қайратты көрсеткен қазақ күресі сынды қызықты жарыстар ұйымдастырылып, үздік шыққан қатысушыларға арнайы жүлделер тігілді. Мереке соңында ауыл өміріне үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Береке-бірлігіміз арта берсін! 🌸✨
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ойық ауылдық округінің әкімі К. Ошакбаев ауылдың аяулы әжелерін мерекемен құттықтады. Кездесу барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, ұрпақ тәрбиесінде өнеге болып жүрген ардақты аналар мен әжелерге шынайы алғыс білдірілді. Ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, мерекелік сый-сияпат табысталды.
2026 жылдың 5 наурызында “Заң және тәртіп қағидаты” аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде, Б. Әлменұлы атындағы орта мектебінде, Ш. Смаханұлы атындағы негізгі мектебінде және Жаңатұрмыс негізгі мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Жастардың заңды құрметтеп, қоғамда жауапкершілікпен өмір сүруі – болашақтың кепілі.
Ойық ауылдық округінде ауа-райы жағдайына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Арнайы техникалар жұмылдырылып, ауыл ішіндегі көшелер мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар қардан тазартылды. Жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауға бағытталған.
2026 жылдың 9 ақпан күні Ойық ауылдық округі, Д.А.Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебінде ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, жүрекке жетер сырлы жырларын көрерменге ұсынды. Мұқағали поэзиясы – ұлт рухының биік шыңы, мәңгілік мұра. Осындай рухани кештер арқылы жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігі артып, ұлттық құндылықтарға құрметі нығаяды. Ұлы ақынның өшпес мұрасы – мәңгі ел жадында! 🖋️❤️
Ә.Тәжімбетов атындағы мәдениет үйінде орналасқан кітапханада Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” атты әдеби-сазды іс-шара өткізілді.