Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппаратында
2024 жылдың І тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.
Есепті мерзім ішінде Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппаратында қызмет берушілері қызметті көрсетуден бас тарту болмады.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде Қызыләуіт ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан 174 адамды қамтыған 5 іс-шаралар өткізді.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 1 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 4 пост жарияланды.