Көктал округі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, ауыл әкімшілігі тарапынан сауда нысандары иелерімен және дүкен сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚠️ Құрметті Аудан тұрғындары!
Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеміз.
❌ Белгісіз су түбі, қатты ағыс, құйындар және құтқару бекеттерінің болмауы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
🚫 Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
2026 жылы айыппұл мөлшері - 30 275 теңге.
✅ Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
• тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
• балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
• мас күйде суға түспеңіз;
• судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Өз өміріңізге бейжай қарамаңыз!
Төтенше жағдай туындағанда - 112 нөміріне хабарласыңыз.
Жаз - демалыс мезгілі, алайда дәл осы кезеңде табиғи өрттердің қаупі артады.
Тіпті кішкентай ғана ұшқын үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.
Жамбыл облысы ТЖД ескертеді:
✔️ рұқсат етілмеген жерде от жақпаңыз;
✔️ темекі тұқылын және сіріңкені тастамаңыз;
✔️ құрғақ шөпті өртемеңіз;
✔️ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✔️ табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Өзіңізді, жақындарыңызды және табиғатты қорғаңыз!
Өрт болған жағдайда 📞 112 нөміріне хабарласыңыз.
🔰 2026 жылдың 10 ақпан күні Көктал ауылында білім саласының қызметкерлерімен «Конституциялық реформа және саяси жаңғырту» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Маселбеков Докторбек Манатбекұлы пен Айдабосынов Нысамбай Медетқұлұлы қатысты.
📌 Кездесу барысында конституциялық реформалардың саяси жаңғыртуға қосқан үлесі, демократиялық институттарды күшейту және азаматтардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
2026 жылдың қаңтар айының 19-23 күндері аралығында 2012–2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында Талас ауданындағы №32 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Ашық біріншілігі жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.
Жарысқа қатысқан командалар:
Байзақ ауданы
Жуалы ауданы
Тараз қаласы
Жамбыл ауданы
Қаратау қаласы
Көктал ауылы
Қызыләуіт ауылы
Жарыс барысында жас спортшылар шеберліктерін шыңдап, нағыз тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер көрсетті. Бұл дода болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен серпін берді.
Аталған турнирде ауылымыздың жас спортшылары:
Сейілбек Санжар—
орын
Шариф Тимур—
орын
Өмірзақ Ерасыл—
орын
Керімбай Мансұр—
орын
Бүркітбай Бегасыл—
орын
Осы аталған турнирдің үздік боксшысы ауылымыздың жас былғары қолғап шебері—ШАРИФ ТИМУР
атанды.
Спортшыларымыздың жеке бапкері—Ермек Сулейменов.
Барлық қатысушылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал жас боксшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Көктал ауылдық округінде көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдар қардан тазартылуда.