«Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр мен мөр-таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
ЕрежеДата публикации
13 февраля 2024