Қасқабұлақ ауылында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Жасыл аймақ" апталығы аясында сенбілік өтті. Ұйымдастырылған шара барсында Қасқабұлақ ауылының кіре беріс жағына ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
"Егілген ағаштарды күтіп ұстау ең басты мәселе. Бүгін егілген ағаштар келешекте талай адамға сая болып, аптап ыстықта жанға жайлылық сыйлайды."
Ағымдағы жылдың 24 қантар күні Қасқабұлақ ауылдық округі әкімі Жардис Усейнов Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
«Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдылары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді әрі сапалы көрсетілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар «Электронды үкімет» порталы қызметін алу үшін ауыл тұрғындары аудан орталығына барып, өз уақыттарын жоғалтпай ауылдық округ әкімі аппаратынан өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасап тұрғандығын ескертті.