ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2023 жылдың 12 айында Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Оның ішінде электронды түрде 0, қағаз түрінде 0.
Оның ішінде:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 0.
2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер өтініштер түспеген және өзгеріс жоқ. (2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер болған жоқ.: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 0 қызмет, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-0 қызмет).
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023 жылы ауыл тұрғындары тарапынан өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ, іс-шара ұйымдастырылады халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрыштар орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.