Талас ауданы Қаратау қаласының бірқатар көшелерін қайта атау бойынша тұрғындар мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының
№1 хаттамасы
Қаратау қаласы 03.03.2025 жыл
Жиналыс төрағасы: Қаратау қаласы әкімінің м.а. - Р.Өмірәлиев
Жиналыс хатшысы: Қаратау қалалық әкімі аппаратының бас маманы - Е.Пәрмеш
Жиналысқа қатысқандар:
Күн тәртібінде:
Талас ауданы Қаратау қаласының мағынасы ескірген бірқатар көшелерін қайта атау туралы.
Тыңдалды: Қаратау қаласы әкімінің м.а. Р.Өміралиев: бүгінгі күні жиналысқа Железнодорожная көшесінен, Железнодорожный тұйық көшесінен, Фабричная көшесінен 42 тұрғын, 22 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығын басшылыққа ала отырып және Сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып көше атаулары өзгертіледі.
Өңірдегі ұлттық онамастикалық бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріле отырып берілуі тиіс.
Сөйлегендер: М.Достаев, М.Әбдібек, Қ.Елшибеков, Ж.Шарипбекова–Железнодорожная көшесі және Железнодорожный тұйық көшесінің тұрғындары: көше атауының өзгертілгені дұрыс деп ойлаймыз. Қазіргі атауы ескірген және ешқандай мағынасы жоқ деп түсінеміз.
Сөйлегендер: М.Момбеков, Д.Абдуллаев, С.Тапелов – Фабричная көшесінің тұрғындары: осы уақытқа дейін қаламыздағы кейбір көше атаулары мағынасы қазіргі заманға сай емес атаулармен аталып келеді. Мағынасы ескірген көше атауын кезінде осы көшенің тұрғыны болған ақын Нарша Қашағанұлының атымен атауын жөн көреміз. Біз түсіп отырған ұсынысты қолдаймыз.
Сөйлегендер: С.Әбсадықов, К.Калжанов, Д.Молдақұлов – жергілікті қоғамдастық мүшелері: біздің айтарымыз көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұлар өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептейміз.
Сөйлеген: Қаратау қаласы әкімінің м.а. Р.Өміралиев: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы –0,
Қалыс – 0,
Қолдаған адамдар саны – 42+22.
Қаратау қаласы әкімінің орынбасары дауыс беру қорытындысы бойынша Железнодорожная көшесін Ырысты көшесі, Железнодорожный тұйық көшесін Ырысты тұйық көшесі және Фабричная көшесін Нарша Қашағанұлы көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Жиналыс төрағасы: __________________ Р.Өміралиев