Меню

Страницы

Статья

Қаланың бюджетті

Қаратау қаласының жылдық жоспарына сай  2024 жылға қала бойынша 10 қатты темірден жасалған қоқыс тастайтын алаңша және қоқыс тастайтын 40 дана контейнер қойылуы жоспарланған.  1 қатты темірден жасалған қоқыс тастайтын алаңша мен 4 контейнердің жобалық сметалық құжаты дайындалуда.

Қала бойынша 47 балалар ойын алаңшасына темір құрылғылары қайта жаңғыртылады. 3 мөлтек ауданы 75 үй, Ә.Ақшораева №1 үй мен Ә.Ақшораева №1А үйлерінің ортасына балалар ойын алаңшасы, футбол алаңы және street workout салыну жұмыстары басталуда.

А.Иманов, Ш.Уәлиханов және Д.Нұрпейісова көшелеріне балалар ойын алаңшасы    мен street workout салу жоспарға қойылған.

Б.Момышұлы көшесінің кіре берісіндегі “Рухани жаңғыру” аллеясын қайта абаттандырудан өткізіліп яғни, шағын футбол алаңшасы мен street workout салудың жобалық сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурсқа ұсынылды.

2024 жылға қала бойынша 13 көше орта жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған. А.Иманов көшесіне жол белгілерін, жол бұдырларын (лежащий полицейский) және жаяу жүргіншілер жолын орнату жоспарда бар.

Қала бойынша қаптаған ит мысықтарды күтіп ұстауға арналған орын салу жұмыстары бойынша мердігер анықталып, жұмыс күн жылысымен басталуға тиіс.

 

Көше жарығы бойынша А.Сухамбаев, Б.Майлин,Ш,Құдайбердиев, К.Әзірбаев көшелеріне көше жарықтарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталына ағымдағы жылдың наурыз айында конкурсқа беріледі.

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
01 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

15 июня 2026
"Karatau Lime" әк өндіру цехының ашылуы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізілді
Ақпарат
24 февраля 2026
"Электронды үкімет" веб порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жұмыс жасау дағдысы
Пайдалы ақпарат
03 марта 2025
Көше атауын ауыстыру туралы жиналыстың хаттамасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы