Қаратау қалалық әкімінің аппаратында
2025 жылдың I тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2025 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша қала әкімі аппаратында 13 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 6 өтініш қанағаттандырылса, 6 өтініш – өтініш иесімен кері қайтарып алды, ал 1 - өтініштен дәлелді бас тартылды.
(Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту ұзарту бойынша жеке тұлғадан – 7 өтініш, заңды тұлғадан – 5 өтініш. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 1)
2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде қала әкімі аппараты тарапынан 5 жиналыс өткізілді.
2025 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 1 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Қаратау қалалық әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде 5 пост жарияланды.