Қаратау қалалық әкімінің аппаратында
2023 жылдың қорытындысы бойынша
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімі аппаратында 80 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Есепті мерзім ішінде қала әкімі аппаратының қызмет берушілері 31 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі және мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімі аппараты тарапынан 1056 адамды қамтыған 12 іс-шаралар өткізді, 4 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Қаратау қалалық әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде 16 пост жарияланды.