Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 2024 жылдың IV тоқсанында   мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

Қаратау қалалық әкімінің аппаратында

2024 жылдың IV тоқсанында 

 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.        

2024 жылдың  ІV тоқсан қорытындысы бойынша қала әкімі аппаратында 6  мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Есепті мерзім ішінде қала әкімі аппаратының қызмет берушілері 2 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.

2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.

Есепті мерзімде қала әкімі аппараты тарапынан 452 адамды қамтыған 5 іс-шаралар өткізді.

2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 1 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Қаратау қалалық әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде 9 пост жарияланды.

 

Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 2024 жылдың IV тоқсанында   мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Дата публикации
03 февраля 2025