Қаратау қалалық әкімінің аппаратында
2024 жылдың IІІ тоқсанында
мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қаратау қалалық әкімінің аппаратында 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2024 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша қала әкімі аппаратында 15 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Есепті мерзім ішінде қала әкімі аппаратының қызмет берушілері 2 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде қала әкімі аппараты тарапынан 262 адамды қамтыған 3 іс-шаралар өткізді.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 1 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Қаратау қалалық әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде 1 пост жарияланды.