2023 жылы Қала-әкім есебі

«2023 жылдың әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы»

ЕСЕБІ

Қаратау қаласы тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің арқасында барлық сала бойынша негізгі көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп, оң динамика қалыптастыра білдік.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге жүгінбей нақты атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жоспарларға тоқталуға рұқсат етіңіздер.

 Инфрақұрылымды дамыту        

Ағымдағы жылға жоспарланған ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын 6 көшенің алғашқы 4 көшесіне (Е.Өмірұлы, Қ.Сәтпаев, М.Есжанұлы, А.Байтұрсынұлы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Қалған 2 көшенің (Қ.Тоқтыбайұлы, Қ.Жарқынбеков) жөндеу жұмыстары осы жылы жеңімпаз Мердігер компаниялардың тарапынан өз жұмыстарын бастайды. Сондай-ақ, одан бөлек 2 көшеге (Шахтерский және Б.Момышұлы) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Моно қалаларды дамыту бағдарламасы аясында жасалған даму кешенді жоспары барысында, қаладағы тозығы жеткен 51 көшенің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Оның ішінде 2024 жылға 14 көше жоспарланып отыр. Атап айтқанда: (Жатқанбаев, К.Назарбеков, А.Шымырұлы, Ж.Жабаев, Қойгелді батыр, Әйтеке би, А.Сухамбаев, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, К.Азербаев, И.Сеченов, К.Шырынбеков және Көшек батыр бұр.). Аталған жоспарға сәйкес, 2027 жылы қала ішіндегі тас жолдардың жағдайы 100 % қамтиды деп күтілуде.

Қалада 130 көше бар, жалпы ұзындығы – 94,8 шақырымды құрайды. Айта кетерлік, 130 көшенің ішінде 28 көше саяжай жерінде орналасқан шағын көшелер болып табылады. Аталған көшелердің жолдарын, саяжайды толықтай ауыз су құбырлары жүргізілген соң орта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Қаратау қаласы ішіндегі бірқатар жолдардың тозығы жетіп қыстағы қарлардың еріген сулары мен көктемгі жаңбырдың әсерінен тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздық тудыруда. Осы келеңсіздіктерді қалыпқа келтіру мақсатында 5,0 млн. теңгеге ағымдағы жылы орташа жөндеуге енбеген көшелерге шағал төселді.

  • Сонымен қатар, қаланың көшелерінде (Д.Қонаев, Саңырық батыр, Тау бөктері, Железнодорожный, Т.Қойшығараұлы, Ғ.Мұратбаев, Арбатас, Көшек батыр, Шахтерский, И.Панфилов, Б.Момышұлы, Тамды Әулие, А.Пушкин, Р.Сұлтанбеков, Төле би, П.Качесов және Т.Тоқтаров) жалпы ауданы 1 366 ш.м. қамтитын ойық жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
  • Қала көшелерінің асфальт жамылғысына жол белгілері (разметка) сызылды.
  • Жоспарға сай, қаладағы Р.Сұлтанбек, М.Мәметова, А.Пушкин және Ә.Молдағұлова көшелерінде орналасқан шағын қабатты тұрғын үйлердің аулаларына жарық шамдар орнатылды. Сондай-ақ, Б.Момышұлы №2, 4, 6, 8, 9, 12, 14 көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылды.                      Сондай-ақ, одан өзге де қала орталығынан шеткері орналасқан көшелерді жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Абаттандыру:

            Инфрақұрылымды дамыту және спорт нысандары мен ойын алаңшаларын салу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

          - 3 мөлтек ауданы №69 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы салынды.

- Б.Момышұлы көшесі №9 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы салынды.

- 5 мөлтек ауданы №51, 54, 55 көпқабатты тұрғын үйлердің аумағына балалар ойын алаңшасы салынды.

Сонымен қатар, қаңтарда болған қатты жел салдарынан қираған спорт алаңшалары және кәріздік құдық беттері қайта қалпына келтірілді.

Қаладағы Б.Момышұлы №8, А.Шейн №7а және №8 үй аралығы, Р.Сұлтанбеков №7 үй, Ә.Молдағұлова №55 және Тамды Әулие №3 тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызға орындалды. Себебі,  сметалық құжатнамада алаңшалардың төсеніштері құммен төселу керек болатын. Алайда, сметаны қайта қарап, қосымша қаражат бөлу арқылы балалардың жарақаттанбауы үшін резина төсеніштері төселінетін болады. Осыған орай, жұмыстар уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі таңда, қаражат бөлініп жұмыстар жалғасын табуда.

- Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді.

- Қаратау қаласында жоспарға сай, А.Шейн көшесінің бойында орналасқан «Жастар» саябағын қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған саябақта 1 – маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, балалар ойын алаңшасы және «Street workout» алаңы ашылып ел игіліне берілді.

  - Қаратау қаласында жоспарға сай «Орталық саябақ» ішіндегі гүлзарлар мен жасыл желектерді күтіп ұстау үшін Тамды өзенінен арнайы құрылғылар орнату арқылы түгелімен суландыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жаңадан қоғамдық әжетхана соғылып, саябақтың кіреберісіне фонтан орнатылды.

- Қаратау қаласындағы жасыл желектерді арнайы техникамен суару жұмыстары жүргізілуде.

- Қалаға кіреберіс жерінде орналасқан «Жасыл белдеу» аумағына қарағаш көшеттер отырғызылып, қала ішіндегі аллеяларға шырша, испандық дрок, павлония, туя, сириялық раушан гүлдері егілді.

- Қаладағы скверлер, саябақтар мен аллеяларды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

 

Тазалық

Қаратау қаласында барлығы 44 қоқыс алаңы бар. Оның ішінде 8 алаңша биыл жаңартылды.       

Қаратау қаласында тазалықпен - 2 компания айналысуда, яғни «Таза қала Қаратау» және «Қаратау саябақтары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Шағын және көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке секторлар, кәсіпкерлермен барлығы келісім шарт жасалған.

Қаратау қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Геолог көшесі және 3 мөлтек ауданы №5 үй, №103 үй тұрғындары мен қала әкімінің кездесу кезінде көтерілген мәселелердің бірі көше бойындағы қараусыз қалған жерлерді және №5 үй мен №103 үй ортасында орналасқан ескі балабақша орнына жиналған қатты қоқыс қалдықтарынан тазарту болатын. Аталған өзекті мәселе шешімін тауып, стихиялық қоқыс үйінділерінің, қираған иесіз ғимараттардың қоқысын шығару жұмыстары жүргізіліп, орындары тегістелді.

- Қаратау қаласындағы көше бойындағы ағаштарды балақтау жұмыстары жүргізілуде.

- Қала көшелеріне санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

- Қаладағы қоқыс алаңшаларының айналасын тазалау мердігер «BEKABAI» ЖШС-ң тарапынан жүргізілуде.

- «Димаш» ЖК тарапынан 8 дана қоқыс тастайтын алаңшалар орнатылды.

Одан бөлек,

- Ә.Молдағұлова көшесі №53 үй мен № 41 үй аралығына тротуар жолы және көше жарығы орнатылды.

- Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында А.Шейн көшесі №15 мекен-жайда орналасқан қонақ үй ғимаратының 1 қабатындағы есік және терезелері жабылды.

- Трансформаторлық қосалқы станциялар кешенін қоршау жұмыстары жүргізілді.

- Қаладағы «Самал» қарау алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Қалада Конго Қырым гемаррагиялық қызбасына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар 3 кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда 3-ші кезеңнің жұмыстары жүргізілуде.

- Қаратау қаласында ағымдағы жылы жоспарға сай 3 көшенің  (Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов және Ә.Молдағұлова) бойындағы төрт АРКА құрылысына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2-ші жарты жылдыққа жоспар:

- Жолға арналған бұдырлар мен жол белгілерін жаңарту. Қаланы зерделеу барысында 222 дана жол белгісі қажет екендігі анықталды.

«2023 жылдың әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы»
Дата публикации
05 марта 2024