Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         2023 жылдың 12 айында Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан  3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 3, қағаз түрінде 0.

         Оның ішінде:

- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру- 3 қызмет.

         2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны азайған (2022 жылы Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беруге 4 қызмет көрсетілген).

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2023  жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023  жылы 1196 ауыл тұрғындары қамтылған 8 іс-шара ұйымдастырылды, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
29 мая 2024
Дата обновления
29 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
29 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс
Ақпарат
29 мая 2024
Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Ақпарат
16 февраля 2024
Мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы