Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.
2023 жылдың 12 айында Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 4, қағаз түрінде 0.
Оның ішінде:
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру – 4 қызмет.
2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны көбейген (2022 жылы 2 қызмет көрсетілген: кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру - 2 қызмет).
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені 2.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі орын алмаған.
Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023 жылы 286 ауыл тұрғындары қамтылған 9 іс-шара ұйымдастырылды, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.