GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 ноября 2025
Дроп болма!

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дроп үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Бұл нені білдіреді?
Интернеттегі қылмыскерлер жасөспірімдерді алаяқтық схемаларға тартып, «жеңіл табыс» уәде етеді:
❌ «Картаңды бер – пайыз аласың»
❌ «Атыңа есепшот аш та бізге бер»
❌ «Жай ғана аударымды қабылда да, ақшаны шешіп ал»


Бейқам ұсыныс сияқты көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде — бұл қаржылық алаяқтыққа қатысу.
Балаңыз қылмысқа қатысы барын өзі де білмей қалуы мүмкін.
Карта бұғатталады, баланы полицияға шақыруы мүмкін. Ата-аналар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Ал қылмыскерлер қорқытып, мәжбүрлеуге көшеді.


Балаларға міндетті түрде:
❗Карта деректерін, кодтарды ешкімге беруге болмайтынын
❗ Күмән тудыратын жағдайда ата-анасына немесе сенімді ересекке бірден айту керек екендігін түсіндіріңіз.

03 ноября 2025
Абайлаңыз, алаяқтар!

⚠️ Абайлаңыз, алаяқтар!

Соңғы уақытта түрлі алаяқтық әрекеттер көбейіп келеді.
Алаяқтар өздерін полиция, медицина қызметкерлері, пошта, коммуналдық қызмет немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің сеніміңізге кіруге тырысады.
Олар телефон арқылы немесе әлеуметтік желі арқылы хабарласып, жеке деректеріңізді сұрауы мүмкін.


Есіңізде болсын: ешбір банк, медицина, полиция, пошта және байланыс операторлары SMS-кодты, банк картасының нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін сұрамайды!
Мұндай әрекеттер – алаяқтардың ісі!


Кодты, құпиясөзді немесе банк қосымшасындағы мәліметті бөгде адамға бермеңіз.
Күмән тудырған жағдайда дереу полицияға немесе банкке өзіңіз хабарласыңыз.
Алаяқтар көбінесе «жедел әрекет ету керек» деп асықтырады – бұған сенбеңіз.
Өз деректеріңізді қорғаңыз, сақ болыңыз!
Бір сәттік қателік – үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

03 июня 2024
Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

          ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         2023 жылдың 12 айында Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 1, қағаз түрінде 19.

         Оның ішінде:

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1қызмет.

         2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны көбейген (2022 жылы 11 қызмет көрсетілген: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1 қызмет, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-10 қызмет).

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2023  жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023  жылы 1547 ауыл тұрғындары қамтылған 8 іс-шара ұйымдастырылды, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

30 мая 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6)тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

         Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейінЖАО (қала, аудан, ауылдық округ әкімдіктері, сондай-ақ облыстық басқармалардың) ресми сайттарында (МО ИРБП) «Қызметі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлігінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

         Аймақ тұрғындарына облыс әкімдігі сайтының басты бетіндегі «Сұрақ-жауап» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер қалдыруға мүмкіндік беріледі.

         Өңірдің тұрғындарын қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға шақырамыз.

16 февраля 2024
Дөңгелек үстел


2024 жылдың 29 қаңтар күні Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ратов Жандос мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Тен ашық, қолжетімді және сапалы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында «Электрондық үкімет» порталымен роботтардың дағдыларын түсіндірді. Сонымен қатар, «Электрондық үкімет» порталының қызметтерін алу үшін ауыл тұрғындары уақыттарын босқа өткізбей облыс орталығына барып, ауылдық округ бөлімшесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейтіні ескертілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы