Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметтерге шағымдану және қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы орын алған жоқ.
Есепті кезеңде 27 адамның қатысуымен 1 іс-шара өткізілді. Акиматтың ресми әлеуметтік желі парақшаларында 8 пост жарияланды, сондай-ақ «Talas tynysy» газетінде 1 мақала жарық көрді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 17 қызмет көрсетілді.