Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелмеді. Шағымдану және қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы орын алған жоқ.
Есепті кезеңде 20 адамның қатысуымен 1 іс-шара өткізілді. Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 9 пост жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 71 қызмет көрсетілді.