Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ. Шағымдану және қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы орын алған жоқ.
Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 10 пост жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 47 қызмет көрсетілді.