Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлығы 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметтерге шағымдану фактілері орын алған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.
Есепті кезеңде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен жалпы қамтуы 15 адамды құрайтын 3 іс-шара өткізілді. Мемлекеттік қызметтер саласы бойынша 2 мақала жарияланды және Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 30 пост орналастырылды.