Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
2024 жылдың ІV тоқсанының қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында 4 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Есепті кезең ішінде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында 2 қызметке заңды негізде бас тартылды. 2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.
Есепті кезеңде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 25 адамның қатысуымен 1 іс-шара өткізілді. 2024 жылдың екінші тоқсанында Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызметтер саласында барлығы 9 пост жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 10 қызмет көрсетілді.