Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.
2024 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында 1 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Есепті кезең ішінде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет көрсетуден бас тартуы болған жоқ. 2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.
Есепті кезеңде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 50 адамның қатысуымен 3 іс-шара өткізілді. 2024 жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік қызметтер саласында Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде барлығы 11 пост жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 29 қызмет көрсетілді.