2024 жылдың І тоқсанында Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді талдауды анықтамасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.

2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетілмеген. Есепті кезең ішінде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет көрсетуден бас тартуы болған жоқ. 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ. Есепті кезеңде Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 70 адамның қатысуымен 6 іс-шара өткізілді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметтер саласында барлығы 1 мақала жарияланды. Сондай-ақ, Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 11 пост жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 59 қызмет көрсетілді.

Дата публикации
20 мая 2025