GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпарат
Все материалы
Мемлекеттік қызмет көрсету
13 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

05 декабря 2024
АУДАН ӘКІМ Н. ЕРТАСТЫҢ ТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы Талап  ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыл халқының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Нұрлан Ертасұлы 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

 

Есепте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.

 

Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

05 декабря 2024
Интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты «Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі бар екенін еске саламыз

Қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, бұл азаматтарға қажетсіз қарыздар мен алаяқтық әрекеттерден оңай әрі тез қорғауға мүмкіндік береді. Қызметті қосу ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қосылу үшін басты бетте «Сервистер» бөлімін, одан әрі «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау қажет.

Алаяқтардан сақ болыңыздар!!!

09 июля 2024
«Талап ауылдық округі әкімі аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама

«Талап ауылдық округі әкімі аппараты» Коммуналдық  мемлекеттік мекемесі  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы шілде  айының 10 мен 22 аралығында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Ішкі талдау жүргізу кезінде қаралатын құжаттар:

- мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
         - ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілер.


Осы мәселе бойынша сұрақтар туындаған жағдайында 8 (72770)

51 2 16  нөміріне хабарласуыңызға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы