11.06.2024 жылы Жамбыл ауданы әкімідігінің «Талап ауылдық округі әкімі аппараты » КММ-сі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылады.
Қатысқандар: Ешеев Бағдат Болатханұлы Талап ауылдық округі әкімі мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маманы Шаханова Балауса Аманжолқызы ауылдық округі әкімінің мамандары, ауылдық округ тұрғындары барлығы -35 адам
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маман Шаханова Б.А. 2023 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Есеп қорытындысы бойынша, қатысушылардың ешқандай сұрақтары болмады.
Осы есепті жария талқылағаннан кейін келесі ұсыныстар берілді:
- электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;
- мобильді қосымшаларды, сондай-ақ азаматтарды толыққанды ақпараттандыру үшін ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық алуды насихаттауды күшейту;
- ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты уақытылы жаңарту;
- электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін парақшалар, буклеттер таратуға.
Мерзімі: тұрақты
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңды, бекітілген стандарттар және онда енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеу.
- стандарттарға сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету.