🔰Талас ауданы, Ақкесене құмды алқабында, заңсыз көк сексеуіл ағашын пайдаланушы және тасушы азамат анықталды.

🔰Талас ауданы, Ақкесене құмды алқабында, заңсыз көк сексеуіл ағашын пайдаланушы және тасушы азамат анықталды.

🔹️️23.02.2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторларымен кезекті іс-шаралар жүргізу барысында Талас ауданы, Ақкесене құмды алқабында, заңсыз көк сексеуіл ағашын пайдаланушы және тасушы «А» есімді азамат анықталды.
🔹️️ Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшін, 3 текше метр шамасынан аса өсімін тоқтатпаған сексеуіл тәркіленді, Сарысу аудандық полиция бөлімшесінде қылмыстық істің сотқа дейінгі алдын-ала тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.