
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық сараптама бөлімінің бастауымен Шу ауданы, Шоқпар ауылына қарасты аумақтан «Жамбыл минералдары» ЖШС-гі «Аққұдық» кен орнындағы тау-кен жұмыстарының «Қоршаған ортаны қорғау» бөліміне ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналыс өткізілді.
Қоғамдық тыңдау жиналысын экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы С.Р. Нұрбаев ашып, ауыл тұрғындарына «Аққұдық» кен орны туралы толық мәлімет берді. Одан бөлек ауыл тұрғындарының кен орны туралы қойылған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау іс-шара жоспарына Басқарма тарапынан және тұрғындардың экологиялық жағдайға қатысты айтылған ескертулерін, атап айтқанда жер қойнауын тасымалдау кезінде ауыл ішіндегі пайдаланып отырған жолдың сапасын сақтау, ауылдың ішін шаңдатпау, ауылға келетін тау суларын ластамау, ауыл сыртынан айналма жолдар қарастыру, тағы басқа ұсыныс берілді.