
Ағымдағы жылдың 8-9 желтоқсан күндері басқарма басшысы Мұратхан Шүкеев арнайы іс-сапармен Сарысу және Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемелеріне барды. Сапар мақсаты жүргізілген күзгі сексеуіл тұқымын себу, екпе жұмыстарының және тұқымбақтарды әзірлеу жұмыстарымен танысу болды.
Сапар аясында сонымен қатар мекемелердің техникалық жабдықталуы және олардың жұмысқа әзірлік деңгейі сараланды.
Сапардың алғашқы күні басқарма басшысы бассұққан Ақкөл орман шаруашылығы мекемесінің бүгінде орман қоры аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 шақырымды құраса, шығыстан батысқа қарай 100 шақырымды алып жатыр. Нақтылай айтқанда мекеменің орман қоры аумағы 602 443 гектарды алып жатса, оның 25 281 гектары таулы, 577 162 гектары жазықты далада орналасқан.
Сапар барысында басқарма басшысына мекеме директоры Есімхан Жексембиев мекеменің техникалық жабдықталу жағдайы, күзгі дала жұмыстарының жүргізілуі және биылғы өрт қауіпті мерзіміндегі нәтижелі жұмыстармен таныстырып өтті.
Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарының нәтижесінде Ақкөл мекемесі жоспарлы жұмысты толық аяқтаған. Мәселен, 1080 га сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын және 20 га тұқымбақ себу жұмыстары толығымен аяқталған. Бұдан өзге мекемелердің алдында келесі жылға көшеттер орнын дайындау міндеті қойылған, қазіргі таңда Ақкөл мекемесі 720 га жоспарланған аумақты толығымен орындалған. Сапар соңында басқарма басшысы мекеме директорына қасақылықпен күрес жұмыстарын күшейту, бұрынғы жылдардағы егіске толықтыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Одан әрі сапардың екінші күні басқарма басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы сапарын Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде жалғастырды. Мекеменің техникалық жабдықталуы, тағы басқа жұмыстар барысымен мекеме директоры Шаттық Мұсабеков арнайы жиында атап өтті.
Мекеме тарапынан көктемгі көшеттер орнын дайындау тапсырмасы аясында жоспарлы 450 га жер толығымен аяқталған. Сонымен қатар, күзгі дала жұмыстарының 200 га сексеуіл тұқым себу жоспарланған жұмыс орындалған. Алайда, 20 га тұқымбақ себу жұмыстары кешеуілдеуіне байланысты басқарма басшысы мекеме директорына ертерек аяқтауды тапсырды. Мұнымен қоса мекемеге қарасты орман қорында қору,күзету жұмыстарын күшейтіп, қасақылықпен күресті арттыру керектігін баса айтты.