
Естеріңізде болса, облыс әкімінің қолдауымен ағымдағы жылы басқармаға қарасты орман шаруашылығы және "Жамбыл су қоймалары" мекемелеріне бірқатар техникалар үлестірілген болатын.
Олай деуімізге де негіз бар. Бүгінде мекеме теңгеріміндегі "Қазақбай" су қоймасының дамбасын нығайту жұмыстарын бастаған. Мекеме басшылығы да техникалардың көпке қолдау болғанын жасырмайды. Алдағы уақытта осы техникалар күшімен жоспарлы жұмыстардың тиімді орындалатынына бізде сенім білдірдік.