🔰Басқарма басшысы су қоймалардың жағдайымен танысты

🔰Басқарма басшысы су қоймалардың жағдайымен танысты
🔴Жуалы ауданындағы "Қайрат" және "Шетбұлақ" су қоймалары жұмыспен қамту жол картасы аясында жөндеу жұмыстары қолға алынған 10 су қойманың қатарында. Басқармаға қарасты "Жамбыл су қоймалары" КММ-нің теңгеріміне кіретіндіктен басқарма басшысының жіті бақылауында.
🔴Бүгін осы аталған екі су қоймалардың басында жүріп жатқан қызу жұмыспен басқарма басшысы Аслан Оразбеков арнайы барып танысып қайтты. Бұрын аузы жырылған су қоймаларының қайта су жинау мүмкіндігі төмендігінен күрделі жөндеу қажет етті. Бұл шаруаларғада қолайсыздық тудырғаны анық.
Ендігі су қоймалардың жөндеу жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін суармалы алқаптарды сумен қамтитын болады.