Меню

Страницы

Статья

Қоршаған ортаны қорғау

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасады;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

4) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;

5) қалдықтарды жою және орналастыру жөнiндегi объектiлердi салуды қамтамасыз етедi;

6) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;

7) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

9) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

10) қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

11) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады;

12) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

13) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлейді.

Дата публикации
15 октября 2020
Дата обновления
15 октября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
БАҚ үшін
19 октября 2022
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану туралы мәселелері, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың заңсыз алтын қазуды болдырмау және алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы
Талдамалық мақала
08 ноября 2021
Мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы