Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.04.2026 ж.
Есептік кезең 2026 жылғы І тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2026 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1276 (99,85%) (жеке тұлға –1154, заңды тұлға – 122) және қағаз түрінде – 2 (жеке тұлға-2);
Оның ішінде:
ІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру – 27;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 58;
Ағаш кесу және орман билетін беру – 1140;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 19;
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 13;
Кең іздеушілікке арнлаған лицензия беру – 1;
Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 20.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінің және 1 «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес 1 тоқсанда Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде тексеру тағайындалды.
Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
ІІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының" 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Басқарма жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде ішкі байқау жүргізілді.