Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы
3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл су қоймалары» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды
реттеу басқарма басшысы                                                       Н. Егембердиев

1. Қаулы каз
Дата публикации
03 апреля 2026